Төрт белбеуді де алып, тарихта қалғым келеді – Жәнібек Әлімханұлы

Автор: Алмас Ерсін

Қазақ боксшысы үйректер жүзіп жүрген көлдің жағасында тұрып видео түсірген

Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы төрт белбеуді де алып, тарихта қалғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Америкада үшінші аптамыз өтіп жатыр. Толық бейімделіп алдық. Жаттығуды бастадық. Жекпе-жектің уақытын күтіп жатырмыз. Көп уақыт күтіп қалдық. Екі белбеудің иесі де қашып жатыр», - дейді Әлімханұлы.

Оның айтуынша сәуірде Қазақстанда өткен жекпе-жектен кейін командасы чемпиондармен келіссөзді бастаған.

«Бесінші айға кетіп жатыр, әлі келісе алмай жатырмыз. Біздің менеджерлер қолынан келгенінің бәрін істеп жатыр. Қай күнді берсе де, сол күнге дайын боламыз», - дейді боксшы.

Ол Қазақстанда 4 белбеуді ешкім алмағанын атап өтті.

«Сол төрт белбеуді алып, абсолютті чемпион атанып, тарихта қалу – біздің айқын мақсатымыз. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деп түйіндеді чемпион.