Бұл оның 2025 жылғы алтыншы финалы
Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 250 турнирінде финалға жолдама алды. Ол сербиялық спортшы Александра Круничпен бірге жұптық сында өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кливленд қаласында өткен жартылай финалда Данилина – Крунич дуэті чех теннисшілері Анастасия Децюк / Мириам Шкох жұбын жеңді. Қорытынды есеп – 6:2, 6:4. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.
Бұл жеңіс қазақстандық теннисшіге 2025 жылғы алтыншы финал мүмкіндігін сыйлап отыр.
Финалда қазақстандық- сербиялық жұп Қытайлық Тайбэйдің Чжань Хаоцин және Қытайдың Синью Янь спортшыларымен кездеседі. Бұл матч турнирдің басты тартыстарының бірі болмақ.
Биылғы маусым Анна үшін табысты өтті. Ол:
«Бұл маусым өте ерекше. Біз Круничпен бірге үлкен жетістіктерге жеттік, алдағы финалда бар күшімізді саламыз», – деді Данилина матчтан кейін.