ALEM FEST фестиваліне байланысты матч Павлодарға ауыстырылды
Астаналық «Жеңіс» футбол клубы Қазақстан чемпионаты аясындағы «Жетісу» командасымен өтетін матчтың басқа қалада өткізілетінін мәлімдеді. Бұл өзгеріс «Астана Арена» стадионында өтетін ALEM FEST музыкалық фестиваліне байланысты болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матч уақыты мен орны өзгерді.
Клубтың ресми хабарламасында көрсетілгендей, бастапқыда 12 шілде күні сағат 18:00-де Астанада өтуі тиіс болған ойын 13 шілде күні Павлодар қаласындағы «Орталық» стадионда өтеді.
«Матчтың орны мен уақыты «Астана Аренада» ALEM FEST фестивалінің өткізілуіне байланысты өзгертілді», – делінген клуб мәлімдемесінде.