Шағын футболдан Астана қаласы прокурор кубогы сарапқа салынады

Автор: Дәулет Ботагөз

Жарыс қала күніне орай өтеді

Фото: Астана әкімдігі

Қала күніне орай шағын футболдан прокуратура қызметкерлері арасында жарыс басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биылғы бәсекеде бас жүлдеге 6 ауданның прокуратурасынан жасақталған 8 команда таласпақ.

«Биылғы дәстүрлі түрде өтетін турнирімізде шағын футболдан жарыс өткізуді жөн деп шештік. Жарысымыздың басты мақсаты – қаламыздағы қызметкерлердің өзара ынтымақтастығын арттыру. Бейресми қарым-қатынасты жандандыру. Әрі бос уақытымызды тиімді өткізіп, жарыс атмосферасын сезіну. Барлық команда тас-түйін дайын. Өзіміз аптасына 2 рет тұрақты дайындалдық. Жеңіске жету оңай болмайды», –деді Астана қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Дархан Зәкарин.

Турнир жеңімпаздары бүгін анықталады.