Жүсіпов 70 келі салмақ дәрежесінің финалында Өзбекстан спортшысын жеңді
Қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Жүсіпов Эйндховен қаласында (Нидерланды) өткен Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүсіпов 70 келі салмақ дәрежесінің финалында Өзбекстан спортшысы Асахужа Муйдинхужаевпен жұдырықтасты. Алайда жекпе-жек бірінші раундта-ақ тоқтатылды — өзбекстандық спортшының қабағы жарылып, төрешілер жекпе-жекті әрі қарай жалғастыруға рұқсат бермеді.
Медициналық шешім бойынша жекпе-жек тоқтатылғанымен, ұпай саны бойынша алда болғандықтан, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіс Абылайхан Жүсіповке берілді. Осылайша ол халықаралық турнирдің алтын жүлдесін иеленді.