Әйгілі турнир Францияда өтті
Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесі Александра Круничпен бірге Францияда өткен әйгілі «Ролан Гаррос» турнирінің финалында қарсыластарына жол берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Анна Данилина мен Александра Крунич жұбы әйелдер арасындағы жұптық сында италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге есе жіберді. Қарсыластары турнирдің чемпиондары атанды.
Финалда жеңіліс тапқанына қарамастан, Данилина мен Крунич жұбы:
Ал чемпиондар Эррани мен Паолини:
Анна Данилина қазіргі таңда WTA жұптық рейтингінде 17-орында тұр. Бұл – Қазақстан теннисшілері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Алдағы аптада жаңа рейтингте оның позициясы тағы да жақсаруы мүмкін.
«Финалға дейін жеткеніміз – үлкен жетістік. Бұл – менің мансабымдағы маңызды белестердің бірі», – деп атап өтті Анна Данилина өз парақшасында.