Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 41 алтын жеңіп алды
Қазақстан 50 спортшыны апарып, 48 жүлде еншіледі

Қазақстан құрамасы Жастар арасындағы Азия чемпионатында 41 алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Азия чемпионатында (U22) Қазақстан құрамасы барлық салмақта 50 спортшыны апарып, 48 жүлдені еншіледі. Турнир 10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) өтіп жатыр.
U22 Азия чемпионаты бойынша ТОП-3 мемлекет:
- Қазақстан - 41 алтын, 6 күміс, 1 қола
- Тәжікстан - 3 алтын, 4 күміс, 6 қола
- Қырғызстан -3 алтын, 10 күміс, 10 қола
2 аптаға жалғасқан бәсекеде 23 елдің спортшылары жүлдеге таласты.
Еске сала кетейік, көркем гимнастшы қыздар да Азия чемпионатында алтын медаль иеленген болатын.
Қазақстандық спортшылар топтық жаттығу бойынша финалда шеңбер мен доппен өнер көрсетіп, 26,65 ұпай жинап, бірінші орын алды. Екінші орынды 25,15 ұпаймен Өзбекстан құрамасы алса, үшінші орынды 24,25 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.