«Ұлы дала жорығы»: жарыстың үшінші күнінде Астана командасы көш бастаған

Автор: Бақыт Шынар

Марафон «AMANAТ» партиясының және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр

Фото: ұйымдастыру комитеті

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 12 команда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Аралтөбе ауылының маңынан жорықты жалғап, Жамбыл ауданы, Қаншеңгел ауылының маңынан аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасай отырып.

AMP

Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Ұлытау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Маңғыстау облысының командасы үштікті түйіндеді.    

AMP

«Жол қашықтығы  500 шақырым, бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады. Марафон «AMANAТ» партиясының және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр», - деп хабарлайды ұйымдастыру комитеті.