Ол қарсыласын бесінші раундта жеңді
Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) Астанадағы«Battle of the Brave» бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, белбеулерін қорғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл екі боксшының ойыны 12 раундқа жоспарланған. Алайда, Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9 КО) бес раунд қана жұдырықтасып, оны нокаутқа жіберді.