Қазақстандық палуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол 53 келіге дейінгі салмақта сынға түсті

Фото: Olympic.kz

Отандасымыз Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшы 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрлықтық біріншілікті үшінші орынмен аяқтады.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Зейнеп моңғолиялық Отгонтуи Чинболдты 10:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Жәмилә Бакбергенова (72 келіге дейін) алтын медаль үшін күрессе, Тыныс Дубек (62 келіге дейін) пен Гауһар Мұқатай (65 келіге дейін) қола жүлде үшін белдеседі.