Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореяға қарсы ойнайтын болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Солтүстік Корея 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарында өнер көрсеткен

Фото: instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Корей Халық-Демократиялық Республикасына қарсы ойнайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік Кореямен кездесу 17 ақпан күні Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Айта кетерлігі, КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.

Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.