Олар 5:0 есебімен Жапония командасын ұтқан
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Жапония құрамасын ұтып, алтын медаль алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ойынның есебі – 5-0.
Құрама ойыншылары Андрей Буяльский, Дмитрий Бреус, Роман Старченко мен Кирилл Панюковтер қарсыластың қақпасына дәл тиіп, жеңіске жетті.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.