Алтын жүлдені Қытай құрамасы жеңіп алды
Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шаңғы жарысынан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, эстафетада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.
Спортшылар 55:24.5 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті. Алтын жүлдені 53:59.3 уақытпен Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония 56:38.1 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.