Әлия Юсупова ұлттық құрамадағы бас бапкер қызметінен кетті

Автор: Бақыт Шынар

Ол Қазақстан гимнастика федерациясындағы жұмысына толық көңіл бөлгісі келеді

Фото: ҰОК

Әлия Юсупова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Әлия Юсупова   Қазақстан гимнастика федерациясындағы жұмысына толық көңіл бөлгісі келеді.

«2009 жылы спорттық мансабымды аяқтаған соң, өзімді бапкерлік қызметте сынап көргім келген еді. Мен өзім дайындаған гимнастты Олимпиадаға шығарып, сол ойындарға бапкер ретінде қатысуды мақсат еттім. 2012 жылы маған осындай мүмкіндік беріліп, Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кірістім. Үш Олимпиада да біз жақсы нәтижелер көрсете алдық. Үш рет гимнасттарды Олимпиадаға дайындағаныма өте қуаныштымын. 2025 жылдың қаңтарынан бастап бас бапкер қызметінен кетемін, өйткені  федерациядағы жұмысқа толықтай көңіл бөлгім келеді. Осылайша, басқа бапкерлерге өздерін көрсетуге мүмкіндік беруді жөн көрдім», – деген Әлия Юсупованың өзі.

Әлия Юсупова – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және еңбек сіңірген бапкері. Ол 2021 жылы Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланған еді.