Лондон клубы трансфер рәсімдеген
Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Челсиде» мансабын жалғастырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лондондық «Челси» Дастан Сәтбаев бойынша түпкілікті шешім қабылдаған.
Алматы және Лондон клубтары арасында трансфер рәсімделген.
Meta-ratings.kz хабарлағандай, Сәтбаев келесі аптада ауысып кетуі мүмкін. Трансфердің егжей-тегжейі әлі белгісіз, себебі Сәтбаев 18 жасқа толмаған.
Естеріңізге сала кетейік, U-19 Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев желтоқсан айында Лондонның «Челси» командасына қаралымнан өтуге аттанған болатын.