Қос спортшы ашық айқасқа шығып, төбелеседі
Шымкентте өткен Alash Pride 104 аралас жекпе-жектер турнирінде қазақстандық файтер Бекас Нұрниязов (1-0) пен өзбекстандық Санжар Мадаминов (1-0) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын, бірақ жекпе-жек бірінші раундтың басында-ақ аяқталды. Екі спортшы ашық айқасқа шығып, Нұрниязовтың құлауымен аяқталды.
Қазақстандық есеңгіреп қалмағанына және жекпе-жекті жалғастыруға дайын болғанына қарамастан, төреші алдымен оған демалуға рұқсат береді, ал артынша жекпе-жектің аяқталғанын жариялады. Осылайша, жекпе-жек небәрі 55 секундқа созылып, Мадаминовтың техникалық нокаут жеңісімен аяқталды. Видеоны төменде көруге болады.
Санжар Мадаминов кәсіби карьерасында екінші жеңіске жетті, ал Бекас Нұрниязов кәсіби ММА-да алғаш рет жеңіліп отыр.