Қазақстан футболшылары Венада жүріп референдумға қатысты

Автор: Темірхан Айжан

Спортшылар УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы тур ойынын өткізу үшін Аустрияға аттанған еді 

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық футболшылар мен құрама мүшелері Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде ұйымдастырылған референдум учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы кезекті тур ойынын өткізу үшін Аустрия астанасы Вена қаласына аттанған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 9 мемлекетте референдум учаскелері жабылғанын мәлімдеді.