Боксшы Алуа Балқыбекова «Мықтылар турнирінің» үздігі атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Осы турнирдің қорытындысы бойынша жаңа маусымдағы құрама жасақталады

Фото: ҰОК

Боксшы Алуа Балқыбекова Қарағандыда әйелдер боксынан өткен «Мықтылар турнирінің» ең үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлем чемпионатының  күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған Алуа Балқыбекова қарсыластарына дес бермеген.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымына жас боксшы Ангелина Витова лайық  болды. «Үздік бапкер» сыйлығы Долкунжан Камековке берілсе, "Үздік төреші" атағын Данара Ахметова жеңіп алған.

«Айта кетелік, «Мықтылар турнирінің» қорытындысы бойынша жаңа маусымдағы Қазақстан құрамы жасақталады. Әйелдер боксынан ұлттық құраманың бас  бапкері - Елдос Сайдалин», - деп жазды ҰОК.