Бес асық пен арқан тартыстан Қазақстан қыздар құрамасы алтын және күміс жүлдеге иеленді

Автор: Azattyq Rýhy

Ал, арқан тартыстан еліміздің қыздар құрамасы күміс жүлдеге ие болды 

Фото: Azattyq Rýhy

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қыздар құрамасы бес асықтан чемпионы атанып, арқан тартыстан еліміздің қыздар құрамасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бесасықтан өткен сайыста еліміздің қыздар құрамасы А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған еді. Соңғы кезеңде қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты.

Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Сондай-ақ қыздар құрамасы арқан тартыстан күміс жүлдеге ие болды. Финалда әйелдер арасында 560 келі салмақ дәрежесінде өткен сайыста Қазақстан құрамасы ресейліктерден 2:0 есебімен жеңілді.