Паралимпиада: қазақстандық дзюдошы қола үшін таласады

Автор: Azattyq Rýhy

Парадзюдошылар Паралимпиада ойындарында татамиде сынға түсіп жатыр

Фото: Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстандық дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Париждегі Паралимпиаданың ширек финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

7 қыркүйекте қазақстандық парадзюдошылар Париждегі Паралимпиада ойындарында татамиде сынға түсіп жатыр.

Жұрқамырза Шүкірбеков (J2 класы) бразилиялық қарсыласы кіші Серхио Фернандесті сенімді түрде жеңіп, жекпе-жекті ширек финалда иппонмен аяқтады. Жартылай финалда Шүкірбеков Грузиядан келген Реваз Чхейдземен кездеседі.