Паралимпиада ойындары: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Автор: Azattyq Rýhy

Отандастарымыз бүгін спорттың үш түрінен сынға түседі

Фото: Olympic.kz

Париждегі Паралимпиада ойындарында 7 қыркүйек күні қазақстандық спортшылар спорттың үш түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық спортшылардың кестесі:

  • Пара дзюдо: 12:30 (Астана уақыты бойынша) – Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Өтепов, Бауыржан Арыстанбеков, Зарина Райфова, Жұрқамырза Шүкірбеков;
  • пара каноэ: сағат 13:14-те Бейбарыс Спатай, 13:49-да Жаңыл Балтабаева.
  • пара пауэрлифтинг: 15:00-де Раушан Қойшыбаева, 16:35-те Рахметжан Хамаев.