Париж Паралимпиадасы: 3 қыркүйекте өнер көрсететін қазақстандық спортшылар

Автор: Молдатай Сымбат

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс бар

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Париж Паралимпиадасында қазақстандық спортшылар пара-жүзуден өнер көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1. Жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сиязбек Далиев. Басталуы Астана уақытымен 13:21, финал 21:27-де.

2. Ханчжоуда Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Нұрдәулет Жұмағали. Басталуы 14:04-те, финал 22:37-де.

Айта кетерлігі, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бір ғана медаль (күміс) бар, оны мерген Еркін Ғаббасов жеңіп алды.