Жарыс Испанияда өтіп жатыр
Испанияның Понтеведре қаласында басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында екі қазақстандық балуан қола медальға таласады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
55 келі салмақта Айбек Айтбеков турнир барысында Испания мен Грузия балуандарын айқын басымдықпен жеңді. Алайда, жартылай финалда америкалық қарсыласына айла көрсете алмай, кіші финалда күресу мүмкіндігін алды.
87 келідегі Темірлан Тұрдыақын да қолаға күреседі. Темірлан Түркия және Жапония балуандарын жеңді, алайда, жартылай финалда әзербайжандық қарсыласына есе жіберді.
Екі спортшымыз да бүгін кіші финалда бақ сынайды.