Париж Паралимпиадасы: волейболдан Қазақстан құрамасы жеңілді

Автор: Молдатай Сымбат

Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарының 5-ші орны үшін күреседі 

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Волейболдан Қазақстан құрамасы топтық раундтың қорытынды матчында Египеттен 1:3 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Azattyq rýhy Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін волейболдан Қазақстан құрамасы Египет құрамасына қарсы ойын өткізді. Матчтың нәтижесі – Египеттің пайдасына 3-1 есебімен жеңіліс.

Паралимпиада ойындарына А және В топтарына бөлінген сегіз команда қатысады, әр топтан жартылай финалға екі үздік команда шығады.

Бұған дейін А топтық раундта Қазақстан құрамасы Францияны 3:2 есебімен жеңді, бірақ Босния мен Герцеговина командасынан 3:1 есебімен ұтылды. Босния мен Герцеговина құрамасы Египетті жеңіп, жартылай финалға шықты.

Енді Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарының 5-ші орны үшін күреседі.