Испанияда өтетін жарысқа қазақстандық спортшылар аттанды
Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғаш болып кілемге грек-рим күресінің өкілдері шығады. Бірінші жарыс күнінде балуандар 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақта бақ сынайды.
Әлем біріншілігі 8 қыркүйекте мәресіне жетеді.