Қазақстандық спортшы Паралимпиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түсті

Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.