Париж Паралимпиадасы: қазақстандық спортшы финалға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол нысана көздеуден сынға түскен

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Парижде өтіп жатқан Паралимпия ойындарында жақсы нәтиже көрсеткен отандасымыз Еркін Ғаббасов финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов іріктеу кезеңінде 619.5 ұпай жинап, финалға жолдама алды.