Паратаэквондодан Милана Красавцева ширек финалға шықты
Қазақстандық спортшы Милана Красавцева Париждегі Олимпиадада пара-таэквондодан ширек финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Милана Красавцева паратэквондодан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Доминикан республикасынан Геральдо Диаспен іріктеу жекпе-жегін өткізді.
«Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті», - делінген хабарламада.
Келесі кезеңде ол Мексика спортшысы Джессика Гарсия Куиджианомен кездесуі керек.