Күрестен Амманда өтіп жатқан жарыста екі спортшы қолаға таласады

Автор: Молдатай Сымбат

Бұған дейін спортшылар Иорданиядағы жарыста 2 күміс, 2 қола алды

Фото: t.me/olympickz/

Күрес түрлерінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі жалғасып жатыр. Бүгін әйелдер күресінен тағы екі салмақ дәрежесінде спортшыларымыз қола медальға таласады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар:

61 келідегі Жайдар Мұқат кіші финалда бақ сынайды. Оның қарсыласы - түркиялық Өзденур Өзмез.   

Сонымен қатар, 46 келідегі Медина Қуанышбек те әлемдік доданың қола медалі үшін күреседі. Қазақ балуанының қарсыласы - украиналық Евгения Друзенко.

Еске салайық, бұған дейін спортшылар Иорданиядағы жарыста 2 күміс, 2 қола алды.