«Олимпиада – нағыз шайқас»: бапкер Александр Ким көрсеткіштерді қорытындылады

Молдатай Сымбат

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері сұхбат берді

«Олимпиада – нағыз шайқас»: бапкер Александр Ким көрсеткіштерді қорытындылады
Фото: ҰОК

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким отандық гимнастардың Париж Олимпиадасындағы көрсеткішін қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген бапкер отандық гимнастикадағы тарихи медальға көп адамның еңбегі сіңгенін жасырмады.

«Олимпиада – нағыз шайқас. Мұнда шеберліктен бөлек, жүйкенің мықтылығы да үлкен рөл ойнайды. Нариман Құрбанов біздің спортшылардың да Олимпиада тұғырына лайық екенін көрсетті. Оның жетістігі жас өрендерге жігер берері сөзсіз. Милад – біздің беткеұстар спортшымыз. Ол сияқты мықты көпсайысшы бізде жоқ. Егер Милад сияқты тағы екі гимнасымыз болғанда, менің көңілім тынышталатын еді.

Жақында құрамада жиын өткіздім. Ол алдағы әлем чемпионатына қатысып, тіпті, медаль әкелетінін айтып отыр. Бізге Милад Карими сияқты спортшылар аса қажет», - дейді Александр Ким.

Еске салайық, Нариман Құрбанов Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында тарихи медальді жеңіп алды. Ол спорттық гимнастикадан Олимпиадада жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

Милад Карими гимнастикалық жарыстарда бесінші орын алған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.