«Айтжанов кетсе, мен де кетемін»: Сәкен Бибосынов мәлімдемені растады ма

Автор: Аягөз Құрмаш

Боксшы бұл ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Olımpıc.kz

Париж Олимпиадасына қатысқан боксшы Сәкен Бибосынов бас бапкердің артынан кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Ол сөз жалған. Мен боксты қойған жоқпын», - деп жазды Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілген еді. Оның ішінде бас бапкер Мырзағали Айтжанов та бар. Кейін Сәкен Бибосыновтың «Мырзағали Айтжанов кетсе, мен де кетемін» деген жалған мәлімдемесі тарады.