Медаль тістеу дәстүрін білмеген қытайлық гимнаст әлеуметтік желінің жұлдызына айналды

Автор: Аягөз Құрмаш

Париж Олимпиадасында бөрене үстіндегі жаттығу бойынша орындар сарапқа салынды

Фото: https://t.me/BILD_Russian

Париж Олимпиадасында алтын мен қоланы Италиядан келген гимнастшылар Алиса д'Амато мен Манила Эспозито алды, ал 18 жастағы қытайлық спортшы Чжоу Яцин күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марапаттау рәсімінде ол Италия спортшыларының қасында қарапайым күйде тұрды. Олар медальдарін тістеп, камералардың алдында суретке түскенде, қытайлық бойжеткен шын жүректен таңданып, олардың артынан осы әрекетті қайталаған.

Қыздың тікелей эфирдегі реакциясы әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шығып, көпшілік тамсанды. Оның миллиондаған жанкүйері Чжоу Яциннің видеосын жариялап, комикстер мен мемдер салды.