Байдарка мен каноэ есу: Мария Бровкова мен Руфина Искакова 11-орын алды

Автор: Молдатай Сымбат

Қазақстан қоржынында әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар

Фото: ҰОК

Париж Олимпиадасында екі адамдық каноэде есуден (500 метр) В финалы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Мария Бровкова мен Руфина Искакова сынға түсті. Қазақстандықтар өз тобында үшінші орын алып, жалпы есепте 11-сатыға табан тіреді.