Париж-2024: еркін күрестен Юсуп Батырмұрзаев жеңілді

Автор: Молдатай Сымбат

Ол алғашқы айналымда поляк балуанына есе жіберді

Фото: ҰОК

125 кг дейінгі салмақ дәрежесінде еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында польшалық Роберт Бараннан 1:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Роберт Баран – Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Ол қарсылас кездесуде 4-1 есебімен жеңіске жетті.

Енді Польшадан келген балуан финалға өтсе, Батырмұрзаев жұбаныш раундына қатысады.