Париж-2024: грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Мысыр балуанын 10:1 есебімен жеңді

Фото: ҰОК

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу айналымы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл салмақта Қазақстан намысын Нұрсұлтан Тұрсынов қорғап жатыр.

Тұрсынов алғашқы айналымда мысырлық Мохаммед Метваллимен кездесті. 10:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.