Алтынға талас: бүгін екі қазақстандық спортшы финалда өнер көрсетеді

Автор: Аягөз Құрмаш

Олардың жекпе-жектері телеарналардан көрсетіледі

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Бүгін Париж төрінде боксшы Нұрбек Оралбай мен грек-рим күресінен балуан Демеу Жадыраев финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев пен жапониялық Нао Кусака 77 келіге дейінгі санатта белдеседі. Финал Астана уақытымен 21:45-те көрсетіледі. 

Ал 80 келіге дейін Нұрбек Оралбай украиндық Александр Хижнякпен алтын үшін бақ сынайды. Финал Астана уақытымен 01:51-де көрерменге ұсынылады. 

Екі финалдан өзге, бүгін болатын жарыстар:

Байдарка мен каноэде ескек есу. Іріктеу

Бекарыс Раматулла

Сергей Емельянов

Велотрек. Іріктеу

Андрей Чугай

Грек-рим күресі

Іріктеу. Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі)

Таеквондо. Ерлер. Іріктеу

Самирхон Абабакиров (58 келі)