Байдарка мен каноэде есу: қазақстандық спортшылар жұбы ширек финалға өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан атынан Мария Бровкова мен Руфина Искакова сынға түсті

Фото: Владислав Семенов

Париж Олимпиадасында екілік каноэден 500 метрге жарысудан әйелдер арасындағы іріктеу сыны аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл спорт түрінен Қазақстан атынан Мария Бровкова мен Руфина Искакова сынға түсті. Спортшылар өз тобында бесінші орын алып, ширек финалға жолдама алды.

Алғашқы екі орынды иеленген экипаж бірден жартылай финалға жолдама алады.