Рыбакина мен Путинцева Канададағы жарысқа барған жоқ – Теннис федерациясы

Темірхан Айжан

Канаданың Торонто мегаполисінде теннисшіллердің WTA 1000 сайысы болып жатыр

Рыбакина мен Путинцева Канададағы жарысқа барған жоқ – Теннис федерациясы
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Жарысқа Париж олимпиадасынан қалыс қалған теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қатысып жатыр деген ақпарат – жалған. Бұл туралы ҚР Теннис Федерациясы Azattyq Rýhy-ның сауалына жауап беру кезінде мәлімдеді.

«Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Торонтода іріктеуден басталған турнирде ойнайды деген жалған ақпарат пайда болды. Өкінішке қарай, біздің кейбір әріптестеріміз ақпаратты тексеруден гөрі хайпты артық көріп, қоғамға жалған ақпарат таратып отыр. ҚТФ баспасөз қызметінің басшысы ретінде Путинцева мен Рыбакина Торонтоға барып, ойын көрсетпейтінін айтқым келеді», - делінген хабарламада.

Федарация баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын тізімге енген спортшылардың есімі турнирлер жүйесінен дереу алынып тасталмайды.

«Сондықтан олардың аты WTA сайттарында және әр түрлі платформада сақталуы мүмкін. Неліктен екені белгісіз, спортшының атын алып тастау ұзақ уақытты алады», - деді федерациядан. 

Еске салсақ, екі спортшы да бұған дейін Париж Олимпиадасына ауырып қалғандарына байланысты қатыспаған еді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.