05.08.2024, 20:37
Спорт
Париж-2024: Әлімхан Сыздықов жартылай финалға өте алмады
Ширек финалда Сыздықов әзербайжандық Сабах Шариатиден ұтылды
Фото: olympic.kz
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақ балуандары арасынан Әлімхан Сыздықов ширек финалда сүрініп, келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
130 келі салмақта шыққан отандасымыз алғашқы кездесуінде 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері румын балуаны Алин Алексук-Чурариумен күресті. Нәтижесінде Сыздықов қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын.
Ал ширек финалда Сыздықов әзербайжандық Сабах Шариатиден ұтылды.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында бүгін, яғни 5 тамыз күні қазақстандық спортшылар стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынады.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды