Соңғы матчта ол испандық Карлос Алькарасты жеңді
Сербиялық теннисші Новак Джокович 4 тамызда Олимпиада ойындарында жекелей сында жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соңғы матчта ол испандық Карлос Алькарасты жеңді:7:6 (3), 7:6 (2). Матч 2 сағат 52 минутқа созылды.
Бұған дейін Париждегі олимпиадалық теннис турнирінің жартылай финалында серб теннисшісі Новак Джокович итальяндық Лоренцо Музеттиді айқын басымдықпен жеңген болатын.