«Ағайларым жақсы тактика қойып берді»: Нұрбек Оралбай жартылай финал туралы айтты

Azattyq Rýhy

Нұрбек Оралбай жартылай финал жекпе-жегінде доминикандық Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен ұтты

«Ағайларым жақсы тактика қойып берді»: Нұрбек Оралбай жартылай финал туралы айтты
Фото: Владислав Семенов, ҰОК

Бокстан Париж Олимпиадасының финалына жолдама алған Нұрбек Оралбай жартылай финал жекпе-жегін қысқаша қорытындылады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өз сөзінже қарсыласы Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңгенін айтты

«Қарсыласым өте мықты. Бірінші айналымда Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңген.

Ағайларым бұл жекпе-жекке жақсы тактика қойып берді. Соны толық орындап шықтым. Енді мұнымен тоқтамаймыз. Алда финал, барымызды саламыз.

Маған қолдау көрсеткен барша қазақ еліне, қазақ жанкүйеріне алғысым шексіз. 

Екінші раундта нокдаун болуы мүмкін дегендер бар. Нақты білмедім мұны. Әйтеуір, аянып қалғаным жоқ», - деді Нұрбек Оралбай.

Айта кетелік, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта өткен жартылай финал жекпе-жегінде доминикандық Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен ұтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.