Ол іріктеу қорытындысы бойынша бесінші болып келді
Қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Олимпиаданың іріктеу айналымы өтті. Бұл сында отандасымыз Нора Джеруто мен Дейзи Джемпекей сынға түскен болатын.
Іріктеу қорытындысы бойынша Нора Джеруто финалға жолдама алды. Ол өз тобында мәреге бесінші болып келді. Джерутоның уақыт көрсеткіші – 9:16.46.
Дегенмен, осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джемпекей финалдан сырт қалды. Ол өз тобында мәре сызығын оныншы болып кесті. Джемпекейдің уақыт көрсеткіші – 9:24.69.