Ол ширек финалда қарсыласынан басым түсті
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай ширек финалдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy7
«Бүгінгі колумбиялық қарсыласымнан әлем чемпионатында ұтылып қалған едім. Осы жолы есе қайтаруға тырыстым. Негізінен, ақылмен жеңдім деп айта аламын», - деді боксшы.
Сонымен бірге, Назым Қызайбай жартылай финалдағы қарсыласының да осал емес екенін атап өтті.
«Келесі қарсыласым да мықты, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы. Десе де, жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медаль үшін бар күшімді саламын», - деді Назым Қызайбай.