Семсерлесуден Қазақстанның ерлер командасы 1/4 финалында жеңіліп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар енді 5-8 орын үшін бақ сынайды

Фото: Тұрар Қазанғапов/olympic.kz

Париж Олимпиадасында ерлер арасында қылышпен семсерлесуден командалық жарыс өтті. Қазақстандық команда 1/4 финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірінші матчта Қазақстан Венгриямен кездесті. Жекпе-жек қарсыластар жеңісімен аяқталды, есеп – 45-30.

Осылайша, біздің команда Олимпиадада медаль үшін таласу құқығынан айырылды. Енді 5-8 орын үшін бақ сынайды. Келесі матчтағы қарсылас команда – Мысыр құрамасы.

Айта кетейік, семсерлесуден Қазақстан намысын қорғаған – Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай.