Жүзуден Әділбек Мусин жартылай финалға өтпей қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшы жалпы есепте 29-орын алды

Фото: Владислав Семенов

Суға жүзуден қазақстандық спортшы Әділбек Мусин 2024 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол іріктеуде «Баттерфляй» тәсілі бойынша 100 метр қашықтыққа жүзіп, жарысқа түсті.

Әділбек Мусин өзінің тобында бесінші келді. Біліктілік қорытындысы бойынша спортшы 29-орынды иеленді.

Жартылай финалға іріктеуден үздік шыққан 16 спортшы өтеді.