Париж-2024: нысана көздеуден қос спортшы да финалға өте алмады

Автор: Azattyq Rýhy

Александра Ле мен Арина Алтухова өнер көрсетті

Фото: ҰОК

Париж Олимпиада ойындарында үш позицияда (50 метр) шағын калибрлі мылтықтан ату бойынша әйелдердің іріктеу жарыстары өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан құрамасының атынан Александра Ле мен Арина Алтухова қатысты. Спортшылардың басты міндеті үздік сегіздің қатарына кіру еді. Себебі, іріктеу кезеңінен тек 8 спортшы финалға өтеді.

Сонымен, Александра Ле 10-шы орын (587 ұпай), ал Арина Алтухова 13-орынға жайғасты (586 ұпай). Осылайша, қазақстандық спортшылар финалға өте алмады.