Триатлоншы Екатерина Шабалина мәреге жете алмады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жүзетін кезеңде 55-ші болып келген

Фото: ҰОК

Бүгін Париж Олимпиадасында жарысқа түскен триатлоншы Екатерина Шабалина қашықтықты аяқтай алған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан намысын қорғаған Шабалина триатлонның жүзу кезеңінде 55-ші болып келген. Ол веложарысқа келгенде жарысын тоқтатқан.

Айта кетейік, Шабалинаны қосқанда, бүгін Қазақстанның атынан алты спортшы жарысқа шығады.