Эмманюэль Макрон кәсіпқой дзюдо клубының президенті Алмаз Әлсеновпен кездескен
Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақстандықтарды Елдос Сметовтің жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы JENYS кәсіпқой дзюдо федерациясының ресми парақшасы хабарлап отыр. Дереккөзге сүйенсек, дзюдошы Елдос Сметовтің жеңісінен кейін Макрон Әлсеновпен кездесіп, ізгі тілегін білдірген.
«Қазақстан мен оның халқын құттықтау мен үшін зор мәртебе. Қазақстан спортшысының дзюдодан алғашқы Олимпиада алтынын Францияда алғанына қуаныштымын. Қазақстан халқы мен президент Тоқаевқа сәлем жолдаймын», - деп хабарлады клуб Макронның сөзін келтіре отырып.
Айта кетейік, осыған дейін жазғанымыздай, Елдос Сметовтің Париждегі алтын медалінен кейін оның жеңісіне ортақтасқандар көбейген.