Жүзуден ел намысын қорғаған Әділбек Мусин елге оралады
Париж Олимпиадасында Қазақстанның тағы бір спортшысы жеңіс жолына жете алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлағандай, жүзуден ел намысын қорғаған Әділбек Мусин жартылай финалға шыға алмаған. Күзде 25 жасқа толатын Мусин 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Айта кетейік, бүгін 63 келі салмақта боз кілемге шыққан дзюдошы Есмигүл Куюлова Париж Олимпиадасының бірінші кезеңінде жеңілген болатын.