Ол 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар 2024 жылғы Олимпиада ойындарында бірінші жекпе-жекте жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделер ұтысына қатысты.
Абылайхан Жұбаназар екінші раундтан бастады. 1/8 финалда ол Аттила Унгваримен (Венгрия) кездесті.
Абылайхан венгриялық спортшыдан бір ұпайға ұтылды. Унгвари қосымша уақытта «алтын ұпайына» қол жеткізді.